12 тамыз 2020 15:35

"Уақытында көмек көрсетпеді". Ақтауда зардап шеккен әскери қызметкердің анасы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Ақтауда жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметкердің анасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lada.kz.


Ақтауда жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметкердің анасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ол баласының болған жағдайға кінәлі емес екенін атап өтті.

"Болған жағдайға қатысты әскери басшылықтың пікірімен келіспеймін. Олардың айтуынша, менің ұлым бұйрыққа бағынбаған. Бұйрықты беретін әскери қызметкердің қолында мегафон болуы керек. Бірақ бұл құрал олардың қолында болмаған. Ұлымның парашютінде бір арқан болмаған. Қазір парашют тергеушінің кабинетінде жатыр. Сараптама әлі тағайындалған жоқ. Ұлымның денсаулығына кім жауап береді? Оған неге уақытында көмек көрсетілген жоқ. Билік өкілдері бұл жағдайға немқұрайлы қараған", - дейді Күлжаһан Жамауова.

Оның айтуынша, ұлы жарақат алғаннан кейін оған гемодиализ жасау үшін арнайы аппарат керек болған. Бірақ бұл медициналық құрал үш күннен кейін табылған.

"Ұлым жатқан ауруханада мұндай аппарат жоқ. Біз оны қаладағы ауруханадан әрең таптық. Алайда онымен жұмыс істей алатын маман жоқ. Тиіс көмекті тек 8 тамыз алдық. Ұлыма операция жасалды. Кейін оны аппаратқа қостық", - дейді ана.

Сондай-ақ, Күлжаһан Жамауова билік өкілдері оған көмектеспегенін, ұлын арнайы аппаратпен емдеуге күніне 500 мың теңге жұмсалып жатқанын жеткізді.

Еске салайық, 5 тамызда Ақтауда арнайы жаттығу кезінде әскери қызметкердің парашюті ашылмай қалған. Салдарынан ол зардап шеккен. Бұл туралы қорғаны министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети