22 ақпан 2024 14:33

ҰҚК Қонаевта аға прокурор ұсталғанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры Қонаевта ұсталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры Қонаевта ұсталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеграм-арнада Алматы облысы ҰҚКД басқармасы Балқаш облысының аға прокурорын үш миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстағаны туралы ақпарат пайда болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстау дерегін растады.

"12 ақпанда Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттері мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаевта ұсталу дерегін растаймыз,", - деп хабарлады ҰҚК.

Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети