27 шілде 2018 12:04

Үлкен Алматы арнасында кілем жуған әйел суға батып кетті: Оқиғаға қатысты жаңа деректер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы арнасында (ҮАК) кілем жуамын деп, суға батып кеткен әйел әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үлкен Алматы арнасында (ҮАК) кілем жуамын деп, суға батып кеткен әйел әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік ТЖД мамандары 32 жастағы әйелмен болған оқиғаға қатысты жаңа деректерді айтты.

"1986 жылы туған әйелді су ағызып әкеткен. Оның жанында жолдасы болған, ол әйелді құтқаруға тырысыпты. Ер адамның айтуынша, ол әйелін құтқару үшін бір шақырымға дейін жүзіп барған. Ол сүңгіп, әйелін жағаға қарай итерген. Ол әйелді су астынан бірнеше рет алып шығуға тырысқан, бірақ еш нәтиже бермеген. Әйелі суда жүзе білмепті, суға тұншыққан оны ағын су алып кеткен. Ер адам есін жиғанда жанында әйелі болмаған", - деді Алматы облыстық ТЖД мамандарының бірі.

Әйелді іздеуге республикалық жедел құтқару тобы да жұмылдырылды. Сонымен қатар, жеті сүңгуір, өрт сөндіру бөлімінің бес маманы мен Алматы облыстық ТЖД жедел құтқару отрядының үш қызметкері бар.

Әйелдің денесін іздеп жатқан құтқарушылар 18 шақырымды тексерді.

Алматы облыстық ТЖД деректері бойынша, әйел Еңбекшіқазақ ауданы, Аменкелді ауылының тұрғыны. Оның артында екі кішкентай баласы қалды. Сонымен қатар, әйелдің жүкті болғаны туралы хабар бар.

Сондай-ақ, ТЖД мамандары Үлкен Алматы арнасына сол маңға жақын тұратын адамдардың ол жерде жиі кілем жуатындарын айтты. Ол жердің қауіпті екені ескертілсе де, нәтиже жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін 32 жастағы әйелдің кілем жуу кезінде Үлкен Алматы арнасына батып кеткені хабарланған еді. Оқиға 2018 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Алматы - Есік автожолында болған.

Каналдың тереңдігі 2 метр және су ағыны қатты. 

Бұған дейін Астана тұрғыны мен оның екі қызы кілем жуу кезінде Нұра-Есіл каналына батып кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети