10 қаңтар 2022 14:28

Ұлттық ұланда сарбаздармен қоштасу рәсімі өтті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде сарбаздармен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде сарбаздармен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, аза тұту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де өтті. Гвардиялықтар қаза тапқан әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, көңіл айтты.

Әскери бөлімдерде құқық қорғау органдарында қызмет еткен ардагерлер, офицерлер, сарбаздар сөз сөйледі.

"Лаңкестік әрекет және тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтап, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбады. Біздің жауынгерлер әскери қызметке, Отанға және Президентке адал екенін дәлелдеп, "Ұлттық ұлан - тұтас ұрыс тобы, артымызда халық бар, ел бар!" деген ұранды естен шығармады", - деді Ұлттық ұланның бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штабтың генерал-майоры Еркін Ботақанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети