"Ұлымды ұрғаным жоқ": Алматы түбінде табылған баланың әкесі сотта жауап беріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс айналма автомобиль жолында өз баласын таспен ұрған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс айналма автомобиль жолында өз баласын таспен ұрған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына Мұрат Асқароғлы келді. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 3-тармағы және 24-баптың 3-бөлігі бойынша ("Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") айыпталып жатыр.

"Көрпеге орап, ағаш түбіне тастап кеткен". Алматы маңында баланы көлік қағып кетті

Асқароғлы сот барысында баласын таспен ұрмағанын мәлімдеді.

"Ұлымды ұрғаным жоқ. Қандай әке өз баласына қол көтере алады? Ұлым жол-көлік оқиғасы болды деп айтты. Балам мені сағынып жатыр. Әкем болса, бес минутқа келіп кетеді, анам да келіп тұрады. Ұлымды әлі көрмедім. Балаларым мені сұрап жатыр. Мұндай қолымнан келсе, балам мен жайлы сұрай ма? Қағаздарға қол қойдыру үшін кінәмді мойындауын сұрады. Бірақ мен ұлымды ұрған жоқпын. Ол кезде жұмыста болдым, адамдар растап бере алады. Мас болған жоқпын", - деді Мұрат Асқароғлы.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі. Үйленген, екі ұлы бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer