Үстіне теледидар құлаған бала жансақтау бөлімінен шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үстіне теледидар құлаған бала жансақтау бөлімінен шығарылды Ислам Катаев. ©lada.kz

23 тамыз күні үстіне жоғарғы қабаттан теледидар құлап кеткен үш жасар Ислам Катаевтың жағдайы әлі де ауыр, бірақ ол жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 тамыз күні үстіне жоғарғы қабаттан теледидар құлап кеткен үш жасар Ислам Катаевтың жағдайы әлі де ауыр, бірақ ол жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды, - деп хабарлайды "Лада".

Зардап шегуші әлі де комада, дәрігерлер қандай да бір болжам жасауға асықпай отыр. Олардың айтуынша, баланың жағдайы тұрақты, денесінде құрысу жоқ. "Жарақат бөліміне ауыстырылғаннан кейін анасы оның жанында күні-түні бола алады", - дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Ешімова.

Дәрігерлер Катаевқа жаялықтар мен дымқыл майлықтар қажет екенін айтты. Қала тұрғындарынан түскен қаржыны (200 мың теңгеден астам) анасы әлі жұмсамай отыр. "Мен оларды жинап жатырмын, ақша азық-түлікке де жетпей қала ма деп қорқамын. Ұлыма алдағы уақытта қандай ем, қандай дәрі-дәрмек қажет болатынын білмеймін. Сондықтан қаражатты сақтап отырмын", - дейді баланың анасы Екатерина Катаева. Қазір Исламға "Кортексин" дәрісі қажет, Ақтауда бұл дәрі тапшы.

Еске сала кетейік, Ақтауда үш жасар бала үстіне жоғарғы қабаттан лақтырылған теледидар құлағаннан кейін комаға түскен болатын. Баланың 13 жастағы әпкесінің айтуынша, бұл кезде олар көшеден үйге қайтып келе жатқан. №3 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, ол баладан сәл көз жазып қалады. Сәби қоқыс контейнерінің жанына жақындаған сәтте бесінші не алтыншы қабаттан біреулер теледидарды тастап жіберген. Теледидардың бір бөлшегі балаға тиген, соның салдарынан ол есінен танып қалады

Бала ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. "Ол жабық бас-ми жарақатын алған, қазір комада жатыр. Хирургиялық операция жасауға нұсқау берілген жоқ. Барлық қажетті рәсімді жасадық", - дейді хирургиялық бөлімнің дәрігері. Дәрігерлер баланың жағдайы жақсарады деп отыр. 

Кейін терезеден теледидарды лақтырып жіберген ер адамның ұсталғаны хабарланды. 1972 жылы туған ер адам 23 тамыз күні 21.00 шамасында өз терезесінен теледидардың кинескопын лақтырып жібергенін мойындады. Ол құрылғыны қоқысқа тастамақ болғанын, қоқыс бактерінің қасында біреудің тұрғанын байқамағанын айтып ақталды. Оның үстінен "Денсаулыққа абайсызда нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети