20 қараша 2018 13:11

"Үйлену тойында қонақтар уланды": Теміртауда кафе жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Svadbavo.ru © Svadbavo.ru

Қарағанды облыстық экономикалық мамандандырылған ауданаралық соты теміртаулық "Шайда" кафесін жабу туралы үкім шығарды, биыл жазда осы кафеде той қонақтары жаппай уланған еді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарағанды облыстық экономикалық мамандандырылған ауданаралық соты теміртаулық "Шайда" кафесін жабу туралы үкім шығарды, биыл жазда осы кафеде той қонақтары жаппай уланған еді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізіп, сотқа арыз берді. Сонымен қатар, кафе жұмысының тоқтатылуын талап етті. 

"Жай ғана тексерудің өзінде өндірістік ғимаратта шыбын-шіркейдің толып жүргені анықталды. Тауарды сақтау ережелері сақталмаған, мысалы жұмыртқа мен сүт өнімдері тоңазытқыштың бір сөресіне қойылған. Асханада медициналық тексеруден және гигиеналық білім алмаған адамдар жұмыс істеген. Кафе қызметшілерінің барлығы дерлік медициналық тексеруден өтпеген", - делінген басқарма мамандарының қорытындысында. 

Сонымен қатар, олар бес түрлі азық-түлкітен ішек таяқшасы анықталған, ал екеуінен - сальмонелла. Осының салдарынан той қонақтары уланған. 

Іс материалдарын қарап шыққан судья Лейла Қалиақпарова арыз берушінің сұранысын толығымен қанағаттандырды. 

"Қарағанды облысы Теміртау қаласы Димитров көшесі 82-де орналасқан Шайда" кафесінің жұмысы тоқтатылсын. Жеке кәсіпкерден жергілікті мемлекеттік бюджет қорына 1203 теңге алынсын", - деді судья. 

Айта кетейік, Теміртауда 18 адам жергілікті кафеде той тойлау кезінде уланып, ауруханаға түскен еді. Олардың арасында жүкіт әйел де бар. Салтанатты шара 30 шілдеде өткен еді, алайда адамдар келесі күні ауыртпалықты сезіне бастаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети