16 желтоқсан 2020 09:04

Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаттықтырушы Азамат Тұрмағамбетов, видеодан кадр Жаттықтырушы Азамат Тұрмағамбетов, видеодан кадр

Желіде волейболдан қыздар командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап. Мұның алдында бапкердің әрекеті видеоға түсіріліп, тексеріске себеп болған еді.


Желіде волейболдан қыздар командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап. Мұның алдында бапкердің әрекеті видеоға түсіріліп, тексеріске себеп болған еді.

Ер адам Жаңаөзендегі №3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, видеороликтегі қыздар Жаңаөзен волейбол командасының мүшелері, олар жақсы көрсеткішке жетіп, спортта жетістігімен көрініп жүрген спортшылар.

"Шеттен қарағанда шапалақ болып көрінгенімен, олай емес. Алтыншы нөмірдегі ойыншы команданың лидері, өз әрекетіммен оны ойынға қыздырып, команданы жандандыруға талпынысы болғанын қаладым. Әрекеттерім шеттен қарағанда ойыншыларға дөрекілік көрсеткендей болғаны үшін кешірім сұраймын", - дейді видеода Тұрмағамбетов.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде жаттықтырушының волейболшы қыздарды бетінен және басынан ұрғаны түсірілген видео пайда болған. Кейін оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы әкімдігі мен Білім және ғылым министрлігі пікір білдірген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети