23 желтоқсан 2020 14:39

Жаңаөзенде қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушы жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Маңғыстау облысында қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушы жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Lada.kz.


Маңғыстау облысында қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушы жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жаттықтырушы жұмыс істеген №3 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жаңаөзендегі қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатай хабарлады. 

Жаттықтырушы мектеп директорының №3 бұйрығына сәйкес жұмыстан шығарылды. 

"Әдетте мұндай шараларға қалалық білім бөлімімен келіскеннен кейін ғана барады. Ол күні оқушылар сабақ кезінде ешқандай рұқсатсыз кетіп қалған. Ал қазір пандемия, сондықтан директор жағдайды бақылауға алмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді Ысқақ Құлатай.  

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушының әрекеті видеоға түсіп қалған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жаттықтырушы Жаңаөзен командасының спортшыларына дөрекілік көрсеткен. Жарысқа қатысушылардың бірінің анасы бұл оқиға 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде болғанын айтқан.  

Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы өз әрекетін түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети