30 қазан 2023 09:28

WhatsApp-та "Костенко атындағы шахтадағы өрттің" видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қарағандыда Костенко атындағы шахтада түсірілді деген өрттің видеосы тарап жатыр. Бұл жалған, деп жазды Stop Fake.kz порталы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қарағандыда Костенко атындағы шахтада түсірілді деген өрттің видеосы тарап жатыр. Бұл жалған, деп жазды Stop Fake.kz порталы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде Костенко атындағы шахтада орын алған оқиғаның видеосы таралды. Бұл видео шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде мәлімдейміз. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауларыңыды сұраймыз", – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Бұл видео Қазақстанда түсірілмеген. Ол бірнеше жазбадан тұрады. Олардың бірі Желіде 2022 жылдың маусымында тараған. Видеода Севильяда (Испания) Дос- Эрманастағы алюминий зауытында шыққан өрт көрсетілген.

Ал ақ-қара кадрлар – бұл 2014 жылдың мамырында Түркияның Сома қаласындағы шахтада арты өртке ұласқан жарылыс кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар.

Тағы бір видеода Қытайдың Шаньси провинциясында Лулян көмір шахтасында болған апат көрсетілген.

Таралған видеоның Қазақстанға қатысы жоқ, деп жазды портал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети