"Таразда орын алған өрт бір ер адам мен бір әйел кісінің өмірін жалмады" деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысы ТЖД қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Казвторчермет" АҚ филиалының ғимаратында 9 наурыз күні таңғы уақытта орын алған. Өрт бір сағаттан соң ауыздықталды.
Қызыл жалынмен күреске жеке құрамның 20 қызметкері, сондай-ақ Жамбыл облысы ТЖД Өртке қарсы қызметі мекемесінің 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт орынынан бір әйел адам мен ер адамның мәйіті табылған. Қазіргі уақытта қаза болған азаматтардың жеке басы анықталуда.