Жамбыл облысында тасжолда шамамен 80 жолаушылар автобусы тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тасжолда шамамен 80 жолаушылар автобусы тұрып қалды

Жамбыл облысында тасжолда шамамен 80 жолаушылар автобусы тұрып қалды. Жолаушылар пойыздармен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 23 желтоқсанында Жамбыл облысындағы қолайсыз ауа райына және Бурный-Түлкібас тасжолының жабылуына байланысты шамамен 80 жолаушылары көлігі жолда тұрып қалды. Жамбыл облысы әкімдігімен біріге отырып, Бурныйда қалып қойған жолаушылар жедел түрде Жамбыл мен Шымкентке жеткізілді. "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығы өңірдегі филиалдарға жолаушыларды жеткізуді тапсырды. 9 пойыз жолда қалып қойған жолаушыларды алып кетті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адамның құтқарылғаны айтылған болатын. "56 адам Б.Момышұлы ауылындағы Герцен мектебінің жылыту пунктіне орналастырылды. Олардың 20-ы балалар. Балалар Айша бибі атындағы орта мектепке жеткізілді. Қазіргі уақытта жолдарды ашу үшін 150 дана техника жұмылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети