Жеті жасар Ернұр Сәдуақасты іздестіру жұмысына тікұшақ тартылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеті жасар Ернұр Сәдуақасты іздестіру жұмысына тікұшақ тартылды ©Tengrinews.kz

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақасты іздестіру жұмысына тікұшақ пайдаланылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақасты іздестіру жұмысына тікұшақ пайдаланылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Баланы іздеу жұмысы жалғасуда. Бүгінде баланы іздеуге Алматы облысының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тартылды. Тікұшақ жақын маңайды шарлап шығады", - деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларына 40-қа жуық құқық қорғау органы, 10 төтенше жағдай, сондай-ақ ұлттық ұлан әскери қызметкерлері қатасып жатыр. Бұрындары радиусы 25 шақырым жерді 100-ге жуық адам тінтіген еді. Жергілікті тұрғындар да атпен іздестіруге қатысты.

15 шілдеде Алматы облысында тауға барған 7 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Ол достарымен жайлауда ойнап жүріп, арасынан жалғыз өзі үйіне оралмаған. 

Баланың жоғалуына байланысты жергілікті шопаннан жауап алдынды. Ол балалардың бірінен ұялы телефон талап еткен. Шағым телефон сұраған баланың ата-анасынан түсті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети