Жоғалып кеткен 23 жастағы әйел Талғардан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен 23 жастағы әйел Талғардан табылды Анастасия Букова. © ktk.kz

Алматы облысында полицейлер жоғалып кеткен екі баланың анасы Анастасия Букованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер жоғалып кеткен екі баланың анасы Анастасия Букованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 жастағы келіншек 19 қаңтарда үйінен кетіп, сол күйі оралмаған еді.

"Талғар ауданының полициясы із-түссіз жоғалып кеткен келіншекті тапты. Анастасияның айтуынша, ол осы уақытқа дейін Талғардағы танысының үйінде болған. Ал үйден күйеуімен ұрысып қалғандықтан кетіп қалған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Полицейлердің Анастасияны 17 күн іздестіргені айтылады.

Осыған дейін БАҚ 23 жастағы Анастасияның жоғалып кеткені жайлы хабарлаған болатын.

Телеарнаның мәліметінше, Анастасияның екі кішкентай баласы бар.  Ол 20 қаңтарда ауруханаға дәрігерге қаралуға кетіп, сол күйі оралмаған. Екі күннен кейін келіншек күйеуіне хабарласқан. Оған жұмыс тапқанын және жақын арада үйге қайтатынын хабарлаған. Бірақ нақты қай жақта екенін айтпаған. Туыстары Анастасияны біреулердің күштеп ұстап отырғанына сенімді. 

"Хабарласып, барлығы жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жүрмін. Бастапқыда қалада жұмыс істеп жүргенін айтты. Сосын Қапшағайдамын деді де асығып телефонды қоя салды", - деген еді Анастасияның күйеуі Сергей Буков. Күйеуінің айтуынша, Анастасия балаларын ешқашан осылай ұзақ уақытқа тастап кетпеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети