Жоғалып кеткен жеті жасар баланы қорқытқан шопан жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен жеті жасар баланы қорқытқан шопан жайлы не білеміз? © ktk.kz

Алматы облысының полиция қызметкерлері тауға кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақасовқа қатысты істің мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полиция қызметкерлері тауға кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақасовқа қатысты істің мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бес бала үш атпен тауға қарай бет алған. 

"Бұл балалар мал бағушылардың үйінде қонақта болған. Мал бағушы бірер минутқа балаларды жалғыз тастап кеткенде басқа шопан үйге кіріп, олардан "ұялы телефонын кім алды?" деп бір баланың жағасынан алған кезде басқа балалар жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнеліпті", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Ведомостводағылардың айтуынша, сұрақ бір балаға ғана бағытталған. Нәтижесінде басқа балалар қорқып қашып кеткен. 

"Төртеуі - бір жаққа қарай беттесе, Ернұр жалғыз өзі сайға қарай түсіп кеткен. Содан бері оны көрген тірі жан жоқ", - деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында тауға барған 7 жасар баланың із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Ернұр Сәдуақасовты құтқарушылар мен еріктілер төрт күн бойы іздестіріп жатыр жатыр. Әзірге бар тапқандары баланың аяқкиімінің бір сыңары ғана.

Ынтымақ ауылының тұрғындары Ернұрды сенбіден бері іздестіріп жүр. Олардың айтуынша бала қорқақ болатын, бөтен адамдармен сөйлеспейтін. 14 шілдеде жақындары жалғыз өзін ойнауға жіберген күні, бала іс-түссіз жоғалып кеткен.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети