23 қаңтар 2015 18:23

14 жастағы қазақстандық футболшы Францияны мойындатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мирас Бостанов. ©Globaleventfood.com Мирас Бостанов. ©Globaleventfood.com

14 жастағы қазақстандық футболшы Мирас Бостанов француздың U.G.A Lyon балалар мен жасөспірімдер клубын мойындатты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Клуб директоры Араик Адамянның айтуынша, жас спортшының спорттық әлеуеті жақсы және ересек футболшылармен бір деңгейде ойнайды. Ол - команданың көшбасшыларының бірі әрі бомбардир.

Қазақстандық футболшы спортпен 2010 жылы республикадағы үздік саналатын "Локомотив-Юниор" спорт мектебінде бастайды. Ол аз уақыттың ішінде осы академияның бірінші командасының құрамына кіреді. Ал 2013 жылы оны Франциядағы U.G.A Lyon командасы бақылауға шақырады. Нәтижесінде қазақстандық ойыншы сол елде қалып қояды. "Оның спорттық әлеуеті бар, керемет футболшы болуға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта 15 жаста болса да 18 жастағы футболшылармен бірге ойнап жүр. Команданың көшбасшыларының бірі әрі бомбардир. 15 жастағылардың арасында өткен чемпионатта 8 гол соғып, нәтижелі бес пас берді. Біздің клуб Лионда атақты, себебі оның президенті Юрий Джоркаефф. Мирас кәсіби футболшы болады деген үмітіміз бар", - деді Адамян. 

Оның пікірінше, қазақстандық футболшы - өз жас категориясы құрамындағы үздік. Клуб директоры Бостановтың болашақта Қазақстанға пайда әкелуі мүмкін екенін және жастар құрамасында ойнай алатынын айтты. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети