21 қаңтар 2020 15:44

2019 жылдың ең үздік лигасы аталды. ҚПЛ Конго мен Қытайдан төмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысына сәйкес әлемнің ең үздік лигаларының рейтингін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысына сәйкес әлемнің ең үздік лигаларының рейтингін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2009 жылдан бері алғаш рет Ұлыбритания премьер-лигасы көш бастады. Соңғы он жылда Испания Примерасына тең келетін біріншілік болмаған еді. Жаңартылған рейтингтің екінші сатысында Бразилияның А Сериясы жайғасты. Үздік үштікті Ла Лига түйіндеді.

Қазақстан Премьер-лигасы 410 ұпаймен 43-ші орыннан көрінді. Өткен жылға қарағанда біздің чемпионат үш сатыға төмендеген. Біздің алдымызда Сауд Арабиясы (32), Конго (35), Қытай (39) және Венесуэла (41) мемлекеттерінің біріншіліктері жайғасқан.

IFFHS рейтингін тізу барысында неге негізделгені нақты белгісіз. Ұпайлар командалардың әр түрлі турнирлердегі нәтижесі, футболшылардың трансфері және чемпионаттың қаржысына қарай берілген болуы керек.

Әлемнің ең мықты 10 чемпионаты:

1. Ұлыбритания – 1287 ұпай;
2. Бразилия – 1165;
3. Испания – 1141;
4. Италия – 939;
5. Колумбия – 849;
6. Португалия – 834;
7. Франция – 818;
8. Голландия – 790,5;
9. Аргентина – 776;
10. Германия – 765,5,
...25. Украина - 542,
26. Ресей- 538,5,
...36. Болгария - 437,
...40. Венгрия - 425,5,
...43. Қазақстан - 410,
...45. Беларусь - 397,
...52. Польша - 364,5,
...61. Латвия - 340,
...67. Өзбекстан - 292,5,
...71. Литва - 279,5.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети