ӘЧ-2014: Финалдық кездесуді қайдан тамашалауға болады?

13 Шілде 2014, 16:39
0
ӘЧ-2014: Финалдық кездесуді қайдан тамашалауға болады? - Сурет: sport.headline.kz
Сурет: sport.headline.kz

Бүгін Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кездесу өтеді. Футболдан төртжылдықтың ең басты додасының ақтық сынында Германия мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилияның "Маракана" стадионында өтетін финалдық кездесу Астана уақытымен 01.00-де басталады. Бұл ойынды "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Еуразия" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.  Әлем чемпионатында топ жарған құрамаға 35 миллион доллар бұйырады. Екінші орын алған команда 25 миллион алады.

Ал үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжымға 22 миллион доллар беріледі. Биыл бұл сомманы үшінші орын үшін өткен кездесуде алаң иелері Бразилия құрамасын 3:0 есебімен жеңген Голландия құрамасына тапсырылады.

Еске салайық, әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық матчында немістер алаң иелері бразилиялықтарды 7:1 есебімен ойсырата ұтса, екінші жұпта Аргентина құрамасы Сан-Паулу алаңында нидерландылықтарды жеңіп, финалға шықты. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай