Бразилияда футболдан өтіп жатқан ӘЧ-2014 ойындарынының топтық матчында Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуар құрамасынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Бразилияда футболдан өтіп жатқан ӘЧ-2014 ойындарынының топтық матчында Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуар құрамасынан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Бразилианың Ұлттық стадионында өткен С тобындағы командалардың кездесуінде Колумбия құрамасы қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Хамес Родригес Колумбия құрамасын 64-минутта алға шығарды. 6 минуттан кейін Хуан Кинтеро екінші допты салды. Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы Жервиньо матчтың 73-минутында бір гол соқты.
Колумбия құрамасы әлем чемпионатында Грекия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, С тобында 6 ұпаймен көш бастап тұр. Кот-д'Ивуар командасы Жапония құрамасын жеңіп, топта екінші орында келе жатыр.