15 желтоқсан 2022 11:21

ӘЧ: Франция - Марокко ойынынан кейін бүкіл Еуропада тәртіпсіздіктер басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалында Марокко ұлттық құрамасын 2-0 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін Франция мен Бельгияда жаппай тәртіпсіздік басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалында Марокко ұлттық құрамасын 2-0 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін Франция мен Бельгияда жаппай тәртіпсіздік басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Париж көшелерінде Франция мен Марокко құрамаларының жанкүйерлері арасында қақтығыс болды.

Париж полицейлері өткен аптада ширек финалда Марокко Португалияны жеңгеннен кейін жанкүйерлер арасында төбелес болғандықтан бұл жолы алдын ала дайындалды.

"Бүкіл ел бойынша 10 000-ға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды, оның ішінде 5 000 офицер Париждің айналасындағы Иль-де-Франс аймағында және 2 200-ге жуығы ел астанасында орналастырылды. Бұл алдыңғы әлем чемпионатының негізгі матчтарымен салыстырғанда екі есе көп", - деді Францияның Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин.

Екі команданың жанкүйерлері заттарды өртеп, төбелес шығарған. Тәртіпсіздіктер Париждің шетінде, Ниццада, Лионда және Брюссельде болғаны да хабарланды.

Францияның Монпелье қаласының орталығында полиция жанкүйерлерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Сонымен қатар, 100-ге жуық футбол жанкүйерлері Брюссель орталығында полициямен қақтығысты.

Брюссельдің оңтүстік вокзалының алдына жиналған жанкүйерлер полиция қызметкерлеріне отшашулар мен басқа да заттарды лақтырып, бірнеше қоқыс дорбалары мен картон жәшіктерді өртеп жіберді. Полиция су атқыштар мен көзден жас ағызатын газбен жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети