11 ақпан 2022 11:28

Әділбек Жақсыбеков футбол федерациясының президенті бола алмайды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков. Фото:kff.kz Әділбек Жақсыбеков. Фото:kff.kz

Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті сайлауына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның сайтына сілтеме жасап.


Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті сайлауына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның сайтына сілтеме жасап.

Футбол федерациясы сайлау комитетінің отырысы 10 ақпанда өтті. Комитет мүшелері ҚФФ президенті лауазымына кандидаттардың қауымдастық мүшелері ұсынған құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылы 28 ақпанда ҚФФ конференциясында өтеді.

"Ә.Р. Жақсыбековтің кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.

Отырыста алдағы сайлауға қатысу үшін мына кандидаттар тіркелді:

  • Барменқұлов Әділет Назарбайұлы - ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, "Қазақстан футбол федерациясы" Қауымдастығы" ЗТБ президенті кеңесшісі;
  • Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы - "Қазақстан футбол жанкүйерлері лигасы" ҚБ төрағасы;
  • Берік Сералыұлы Қаниев - ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, Lancaster Group Kazakhstan АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Лория Давид Григорьевич - футбол федерациясы ЗТБ президенті (Нұр-Сұлтан қаласы);
  • Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы - ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, "Қайрат" ҚҚҚ президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети