14 қыркүйек 2016 14:54

Афинада УЕФА президентін таңдап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Грекия астанасы Афинада кезектен тыс Еуропалық футбол ассоциация ұйымының конгресі (УЕФА) өтіп жатыр. Ең басты шешу керек мәселе ұйымның жаңа президентін тағайындау болып табылады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грекия астанасы Афинада кезектен тыс Еуропалық футбол ассоциация ұйымының конгресі (УЕФА) өтіп жатыр. Ең басты шешу керек мәселе ұйымның жаңа президентін тағайындау болып табылады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

УЕФА президенттігіне екі үміткер бар, олар: УЕФА вице-президенті, УЕФА атқару комитетінің мүшесі, Голландия футбол федерациясының президенті Майкл Ван Прааг пен Словения футбол федерациясының президентінің Александр Чиферин

Еске салайық, 2015 жылдың қыркүйек айының соңында швейцариялық федералды әділет бюросы ФИФА басшысы Йозеф Блаттерге қарсы іс қозғаған. Ол 2011 жылы УЕФА басшысы Мишель Платиниге екі миллион швейцариялық франк заңсыз түрде аударды деп айыпталған. 21 желтоқсанда ФИФА-ның әдеп (этика) комитеті палатасының төрешілері Блаттер мен Платиниді  сегіз жылға футболдан шектеді. Кейінірек Платинидің жазасы алты жылға қысқарды. Одан кейін француз Лондондағы спорттық төрелік етуші сотқа (КАС) жүгінген, олар оның арызын қабылдап жартылай қанағаттандырды: айыппұл 80 мың франктен 60 мыңға дейін қысқарған, ал футболдан шеттелу мерзімі тағы екі жылға қысқарған.

Афинада өтіп жатқан Ұйымның кезектен тыс конгресінде Платини ресми түрде УЕФА президенті орнынан кететінін мәлімдеген. Ол қоштасу сөзінде, өзінің кінәсіздігін айтып, ары қарай күресетінін айтқан. Соған қарамастан, ол ұйымның жаңа президентіне сәттілік тіледі.


© Tengrinews.kz

Сонымен қатар,  кезектен тыс отырыста УЕФА вице-президенті және Испан корольдігінің футбол федерациясы (RFEF) Анхель Мария Вильяр УЕФА президентінтін сайлау кезінде өзінің кандидатурасын алып тастағанын мәлімдеді. Ол азда болса УЕФА президенті болған кездерін бақыт деп санайды. "Бізді көп сынайды, алайда біз жасаған ауқымды жұмыстарды көрмеу мүмкін емес", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети