12 қыркүйек 2014 12:55

"Ақтөбе" клубына жыл сайын 2 млрд теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

"Ақтөбе" ФК-ның жылдық бюджеті 2 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке сілтеме жасап. Бұл туралы аймақ басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Осыған дейін облыстың футбол клубының қаржысы құпия сақталып келген болатын. Оған қатысты сан-саққа жүгірген әңгіме туғанына қарамастан клуб жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді.

"Ақтөбе" ФК-ға бөлінетін қаржы көлемі 2009 жылдан бері еш өзгерген жоқ. Девальвацияға қатысты оның барлығы қайта есептеледі. Өйткені өзінің кейбір жаттығуларын шетелде өткізеді. Сонымен қатар біздің ел аумағы үлкен болғандықтан ұшақпен қатынайды. Соның барлығын ескере отырып, бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді", - деді облыс басшысы Мұхамбетов.

Қаржының көлемі мол болғанына қарамастан клубтың жұмысына аймақ басшысы жоғары баға беретінін де айта кетті.

"Жылдың соңына дейін әлі уақыт бар. Сондықтан ең басты мәселе, бүгінгі таңдағы жұмысына облыс әкімі ретінде қанағаттанамын. Бүгінде клубтың бюджеті "Қайрат" пен "Астанадан" көп емес. Оны тексеріп көрулеріңізге болады. Солай бола тұра, өткен жылы "Ақтөбе" ФК ел чемпионы болды", - деді ол брифингте.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети