22 қараша 2014 14:28

"Ақтөбе" мен "Қайрат" Қазақстан Кубогы үшін таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Қайрат" футбол клубының сайты ©"Қайрат" футбол клубының сайты

Сенбі күні, 22 қарашада "Қайрат" және "Ақтөбе" футбол клубтары арасында Қазақстан Кубогының финалдық матчы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенбі күні, 22 қарашада "Қайрат" және "Ақтөбе" футбол клубтары арасында Қазақстан Кубогының финалдық матчы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Футбол маусымын аяқтайтын кездесу "Астана Арена" стадионында болады. Ойын Астана уақытымен 15.00-де басталады. Ойынды KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойынның Интернеттегі трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

"Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан Кубогын соңғы рет 2008 жылы ұтып алған еді. Сол уақытта команда "Алматы" ойыншыларын 3:1 есебімен жеңген болатын. "Қайрат" болса кубокты 2003 жылы ұтқан. Алматылықтар сол уақытта астаналық "Жеңіс" клубын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Екі матч та Алматының Орталық стадионында өтті.

Еске сала кетейік, 2013 жылы футболдан Қазақстан Кубогын қарағандылық "Шахтер" жеңіп алды. Шешуші ойында қарағандылықтар "Тараз" ойыншыларын 1:0 есебімен жеңген еді. Айта кетейік, "Ақтөбе" мен "Қайрат" ойынына WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қонақ болады деп жоспарланған. Ол Астанаға жанкүйерлерімен кездесуге келген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети