Футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчы өтетін Сан-Паулудағы "Арена Коринтианс" бірінші ресми сынақ матчын қабылдауға әлі де дайын емес, деп хабарлайды "Интерфакс".
Футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчы өтетін Сан-Паулудағы "Арена Коринтианс" бірінші ресми сынақ матчын қабылдауға әлі де дайын емес, деп хабарлайды "Интерфакс".
Қаржылық қиындықтарға байланысты стаионның құрылысы тым баяу қарқында өтіп жатыр. Оның үстіне өткен жылдың қараша айында дәл осы алаңның құрылысы барысында кранның құлауы салдарынан бір адам мерт болған еді. Сондай-ақ биылғы жылдың наурыз айында тағы бір құрылысшы қаза болып, стадионның жөндеу жұмыстары 11 күнге тоқтатылып қалған.
Дегенмен, ФИФА басшысы Йозеп Блаттер бұл жәйттарға қарамастан стадионның құрылысы дер кезінде аяқталады деп отыр. Бірақ, "Коринтианс" және "Фигейренсе" командалары арасындағы сынақ матчында қосымша 10 мың адамда арналған орындарға билет сатылмайтын болады.
Айта кетейік, әлем біріншілігі кезінде бұл алаңда алты кездесу өтеді. Оның ішіде Бразилия мен Хорватия құрамасы арасындағы әлем чемпионатының ашылу матчы да бар.
Есте салайық, футболдан әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.Реттік саны бойынша ХХ рет өткелі жатқан бұл біріншілікке қатысатын футболшылардың тізімін Бразилия, Португалия, Мексика, Жапония және Англия жариялаған болатын.