13 мамыр 2014 10:15

Әлем біріншілігіне қатысатын Англия құрамасы дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sports.ru ©sports.ru

Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне қатысатын 23 футболшының есімдерін жариялары, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон Бразилия жерінде өтетін әлем біріншілігіне қатысатын 23 футболшының есімдерін жариялары, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлем біріншілігіне қатысатын Англия құрамасы:

Қақпашылар - Фрейзер Форстер ("Селтик"), Бен Фостер ("Вест Бромвич"), Джо Харт ("Манчестер Сити");

Қорғаушылар – Лейтон Бейнс, Фил Джагелка (екеуі де – "Эвертон"), Фил Джонс, Крис Смоллинг (екеуі де – "Манчестер Юнайтед"), Гари Кэхилл ("Челси"), Глен Джонсон ("Ливерпуль"), Люк Шоу ("Саутгемптон");

Жартылай қорғаушылар – Стивен Джеррард, Джордан Хендерсон, Рахим Стерлинг (барлығы – "Ливерпуль"), Алекс Окслейд-Чемберлен, Джек Уилшир (екеуі де – "Арсенал"), Росс Баркли ("Эвертон"), Адам Лаллана ("Саутгемптон"), Фрэнк Лэмпард ("Челси"), Джеймс Милнер ("Манчестер Сити");

Шабуылшылар – Уэйн Руни, Дэнни Уэлбек (екеуі – "Манчестер Юнайтед"), Дэниел Старридж ("Ливерпуль"), Рики Ламберт ("Саутгемптон").

Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңінде Англия Италия, Уругвай және Коста-Рика құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Футболдан әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлем біріншілігіне қатысатын футболшылардың тізімдерін Бразилия, Португалия, Мексика және Жапония құрамалары белгілі болған.

Реттік саны бойынша ХХ рет өткелі жатқан бұл біріншілікті Қазақстан аумағында "Еуразия бірінші арнасы", "Қазақстан" және KazSport арнасы тікелей эфирде таратады.

 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети