Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

Әлем елдері Диего Марадонамен қоштасып жатыр 26 қараша 2020, 12:32

Әлем елдері "Барселона және "Наполи" құрамаларының аты аңызға айналған футболшысы Диего Марадонамен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Әлем елдері Диего Марадонамен қоштасып жатыр Әлем елдері Диего Марадонамен қоштасып жатыр

Әлем елдері "Барселона және "Наполи" құрамаларының аты аңызға айналған футболшысы Диего Марадонамен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

РИА Новости мәліметінше, Диего Марадонаның денесі қазір Аргентина астанасындағы Президент сарайында, онда бірнеше сағаттан кейін қоштасу рәсімі өтеді.

Буэнос-Айрестегі президент сарайы. 

Футболшының туыстары да Буэнос-Айрестегі рәсім өтетін жерге келді. Сарайдың алдындағы алаңда Марадонаның жүздеген жанкүйері жиналды.

Қоштасу рәсімі сағат 6.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-де) басталады. 


©REUTERS

 

Аргентина президенті Марадонаның өліміне байланысты қаралы күн жариялады

 


Суреттер: ©REUTERS

Спорт порталының мәліметінше, Марадона қайтыс болған кезде үйінде жиені Джонни Эспоситомен, психологпен және мейіргермен болған.

"Жағдайым онша емес" деген екен бұрынғы футболшы таңғы астан кейін.

Содан олар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенде ол дем ала алмай жатқан. Өкінішке қарай, кейінірек Диего Марадонаның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны айтылды. 

Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram