Әлемдік доп додасында Аргентина босниялықтарды тізе бүктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік доп додасында Аргентина босниялықтарды тізе бүктірді

"Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Босния және Герцеговина командасын тізе бүктірді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Босния және Герцеговина командасын тізе бүктірді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейроның "Маракана стадионында" өткен ойын 2:1 есебімен аспан-көк жейделілердің пайдасына шешілді. Аргентина құрамасы ойынның үшінші минутында есеп бойынша алға шықты. Босниялықтардың қақпасына алғашқы доп өз командасының қорғаушысы Сеад Колашинацтің аяғына тиіп кірді. Ал ойынның 65-ші минутында Лионель Месси есепті еселеді. Босниялықтар 84-ші минутта бір қарымта гол соқты. Голдың авторы - Ведад Ибишевич.

12 маусымда басталған әлем чемпионаты 13 шілдеде аяқталады. Әлем біріншілігінің финалдық ойындарына 32 құрама қатысып жатыр. Қазақстандық көрермендер үшін ойындар KazSport, "Қазахстан" және "Евразия" Бірінші арнасы арқылы көрсетіледі.

"Әлемдік додада үздік шыққан команда - 35, екінші орын алған команда - 25, үшінші орын алған команда - 22 миллион доллар сыйақы алады" деп мәлімдейді РИА Новости ақпарат құралы. ӘЧ-2014 додасының фавориттері Бразилия (бұған дейін бес рет жеңімпаз болған), Италия (төрт рет жеңіске жеткен), Германия (үш рет), Аргентина (екі рет) және қазіргі әлем және Еуропа чемпионы Испания (бір рет).

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети