08 шілде 2018 09:41

Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz. Олар ширек финалда Швеция құрамасын 2:0 есебімен айқын ұтты.


Футболдан Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz. Олар ширек финалда Швеция құрамасын 2:0 есебімен айқын ұтты.

Ағылшындар сапынан ойындағы алғашқы голды 30-минутта Харри Макгуайр соқты. Ол Эшли Янгтың бұрыштамадан асырған добына бірінші жетіп, баспен қақпаға тура бағыттады. Бұл допты қақпашы Ольсен қайтарып үлгермеді. 

Ойындағы екінші голды 59-минутта Делле Алли соқты. Джесси Лингардтың тамаша пасын голға айналдыра білді. Бұл тұста да қақпашы Ольсен Аллидің баспен бағыттаған добын қайтаруға қауқарсыз болды. 

Жартылай финалда Англия құрамасы Ресей және Хорватия құрамаларының жеңгенімен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети