Аргентиналық модель Лионель Мессиден көңілі қалғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентиналық модель Лионель Мессиден көңілі қалғанын айтып берді © 101greatgoals.com

Аргентиналық модель Хоана Гонсалес 101 Great Goals басылымына берген сұхбатында 2011 жылы "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессимен болған кездесу жайында айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентиналық модель Хоана Гонсалес 101 Great Goals басылымына берген сұхбатында 2011 жылы "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессимен болған кездесу жайында айтып берді. 

"Ол кезде Месси тым жас болатын. Оның күзетшісі маған ұнайтын адамның менімен кездескісі келетінін айтты. Содан мен көз алдымда өзімнің үлгі тұтатын адамымды көрген кезде қатты таңғалдым. Мен Лионельдің ұялшақ екенін байқадым. Біз музыка туралы сөйлестік. Бірақ оның сүйген қызы бар ма, жоқ па - менің есімде қалмапты. Кейіннен біз оның пәтеріне бардық. Ашығын айтқанда, ол бірінші кездесуде-ақ менің көңілімді қалдырды. Менің алдымда бір жансыз адам болған сияқты", - деп келтірді модельдің сөзін Vesti.kz.


Хоана Гонсалес. © instagram.com/xoanagonzalez

Айта кетейік, Месси мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Содан Аргентина президенті Маурисио Макри, ұлттық команданың бұрынғы ойыншысы Диего Марадона, сонымен қатар Мессидің жанкүйерлері одан командаға қайтып келуін сұрады.

Еске салайық, шілде айының басында Месси мен оның әкесіне салық төлемегені үшін 21 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, футболшы соттың бұл үкіміне Испаниядағы Жоғарғы сот арқылы шағым түсірмекші.

Сондай-ақ, жақында Лионель Месси имиджін өзгерткен болатын. Әлем футболының жұлдызы аргентиналық Лионель Месси соңғы жылдардың ішінде алғаш рет шашын сары түске бояп, сәнін өзгертті. Бес рет "Алтын допты" иеленген футболшының жаңа бейнесіндегі суретті оның 29 жастағы әйелі Антонелла Рокуццо өзінің Instagram парақшасына жүктеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети