09 қараша 2016 13:09

Аршавин "Қайратпен" келісімшартты ұзартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартты ұзартты. Бұл туралы алматылық футбол клубының сайтында хабарланған, - деп жазады Vesti.kz.


Ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартты ұзартты. Бұл туралы алматылық футбол клубының сайтында хабарланған, - деп жазады Vesti.kz.

35 жастағы футболшының "Қайрат" клубымен келісімшарты 2017 жылдың ойын маусымының соңына дейін есептелген. Мұның алдындағы келісім 2016 жылдың желтоқсан айының аяғында күшін жоюы тиіс болатын.

Алматылық клубта Арашавин 2016 жылдың наурыз айынан бері ойнап келеді және команда сапында 36 матч өткізіп, 11 гол соқты. Ресейлік футболшы "Қайратқа" еркін агент құқығымен "Кубань" клубынан ауысып келген. 

Еске салайық, Аршавинмен алматылық клуб арасында "1+1" схемасы бойынша келісімге қол қойылған.

Мұның алдында Аршавин санкт-петерборлық "Зенит", лондондық "Арсенал" және краснодарлық "Кубань" командаларының құрамында ойнаған. "Зенит" сапында ол Ресейдің үш дүркін чемпионы болды, екі рет турнирдің күміс жүлдегенрі атанып, УЕФА кубогы мен Суперкубогын, Ресей Суперкубогы мен Премьер-лига кубогына ие болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети