30 шілде 2021 09:09

"Астана" 121-минутта гол соғып, Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Астана" ФК Фото: "Астана" ФК

"Астана" грекиялық "Аристен" жеңілсе де, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана" грекиялық "Аристен" жеңілсе де, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матчте "Астана" 2:0 есебімен жеңген болатын. Ал Грекиядағы қарымта кездесудің негізгі уақыты 2:0 есебімен "Аристің" жеңісімен аяқталды. "Арис" сапында Димитрис Манос (36-минут) пен Лукас Саша (78-минут) гол соқты. Матч соңына қарай гректер сапында Матео Гарсия алаңнан қуылды. 

Екі кездесудің қорытындысы бойынша 2:2 есебі тіркелген соң, командалар овертайм ойнады. 

121-минутта Энео Битри гол соғып, "Астанаға" үшінші кезеңнің жолдамасын сыйлады. 

Бұған дейін қостанайлық "Тобыл" мен қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети