"Астана" командасының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің үшінші турындағы жеңілістеріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" командасының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің үшінші турындағы жеңілістеріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Атлетиконы" жеңісімен құттықтағым келеді. Қарсыластарымыз жақсы ойнайды. Бірінші таймда бәрі жақсы болатын, бірақ кейін "стандарттар" кезінде бірқатар қате жібердік. Екі-үш сәтті біз жүзеге асыра алмадық. Үшінші және төртінші голды өзіміз жіберік алдық деп ойлаймын. Қорғаныста олай ойнауға болмайды. Мен бірнеше жас ойыншыға мүмкіндік бердім, бірақ олардың ойынына баға бермеймін. Жуковты өте ерте ауыстырдым, себебі ол нашар ойнады", - деді "Астана" бапкері.
Стойловтың айтуынша, матчта "Астанаға" бірқатар футболшы жетіспеді. "Негізгі құрамды әкелгенде матчтың қалай өтерін ешкім білмейді. Ал "Атлетикомен" өткізетін екінші матч туралы айтатын болсам, нәтиже бүгінгіден жақсы болу үшін бар күшімізді саламыз", - деді ол.
Ал "Атлетико" командасының бас бапкері Диего Симеоне "Астанаға" қарсы өткізген ойынға көңілінің толатынын жеткізді. "Үш ұпай алғанымыз үшін қуаныштымын, Чемпиондар лигасындағы топтан шығу үшін күресті жалғастыра береміз. Екінші матчқа Астағана негізгі құрамды әкелемін, мен әдетте солай істеймін, себебі менің ойыншыларым - өз ісінің мамандары", - деп мәлімдеді Симеоне. "Атлетико" бас бапкерінің сұхбатын толығырақ мына жерден оқуға болады.
Еске сала кетейік, "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында "Атлетико" командасынан 4:0 есебімен жеңілді. "Астана" келесі матчында тағы да "Атлетико" клубымен ойнайды. Матч 3 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді.