Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Астана" клубы "Атлетико" командасынан ойсырай ұтылды

22 Қазан 2015, 02:37
0
© Twitter/ChampionsLeague
© Twitter/ChampionsLeague

"Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында "Атлетико" командасынан ірі есеппен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу Мадрид қаласындағы "Висенте Кальдерон" стадионында өтті. Алаң иелері 23-ші минутта алға шықты. Сауль Ньигес көзге түсті. Ал 29-шы минутта мадридтік команда Джексон Мартинестің голынан кейін есепті еселей түсті. 

Екінші таймда қарсылас команда қарымта шабуыл жасап, Оливер Торрес допты қазақстандық клубтың қақпашысы Ненад Эричтің басынан асыру арқылы гол соқты. Осыдан кейін Денис Дедечко өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша есеп 0:4. 

Айта кетейік, "Астана" келесі матчында тағы да "Атлетико" клубымен ойнайды. Матч 3 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай