"Астана" Чемпиондар лигасымен қош айтысты

18 Шілде, 09:38
0
"Астана" Чемпиондар лигасымен қош айтысты - © "Астана" ФК
© "Астана" ФК

"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде румыниялық "ЧФР Клужбен" қарымта матч өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу румыниялық Клуж-Напока қаласында болған. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан чемпионы матчтың 4-минутында алға шыққан. Роман Мұртазаев допты алаң ортасында қабылдап алып, алыстан соққы жасады - гол. 

Алайда бірнеше минуттан соң ЧФР таразы басын теңестіріп тастады. Гол соққан - Билель Омрани. Ал бірінші таймның ортасында Омрани тағы бір гол соғып, өз командасын алға шығарды. 

73-минутта Абзал Бейсебековтің аяғына тиген доп қараусыз қалған Омраниге жеткен - футболшы тағы мүлт кетпеді.  

Осылайша, "ЧФР Клуж" екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал "Астана" енді Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда екінші іріктеу кезеңінде андорралық "Санта-Колома" командасымен кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде Андоррада, қарымта ойын 1 тамызда елордада өтеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай