1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

"Астана" футбол клубы португалиялық "Бенфиканы" ұтып жатыр

"Астана" футбол клубының форварды Патрик Твумаси Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турының аясындағы ойында португалиялық "Бенфика" командасымен матчта елордалық команданы алға шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Гол 19-шы минутта соғылды. Ойын Қазақстан астанасындағы "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр. 

"Бенфика" командасына екінші голды Марин Анинич соқты. Бірінші таймның қорытындысы бойынша есеп 2:1. Ал қарсыластар командасының қатарында Рауль Хименес 40-шы минутта есеп айырмасын қысқарта білді.  

Еске салайық, "Бенфика" мен "Астана" осыған дейін қыркүйекте кездесу өткізген еді. Лиссабондағы кездесу 2:0 есебімен аяқталды.