Қазақстанның автопаркінде ескі көліктер басым - толық статистика

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның автопаркінде ескі көліктер басым - толық статистика Фото:depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 5 955 765 көлік құралы тіркелген, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 5 955 765 көлік құралы тіркелген, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Қазақстанның автопаркінде 6 миллионға жуық көлік бар

Қазақстанның автопаркі қарқынды өсуін жалғастырып жатыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 5 955 765 көлік құралы тіркелген.

2026 жылғы наурызда қанша көлік есепке қойылды

Нарық динамикасын түсіну үшін тек жалпы нәтиже ғана емес, ай сайынғы өзгерістер де маңызды. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2026 жылғы 1 наурызда Қазақстанда 5 940 884 автокөлік тіркелген.

Екі көрсеткішті салыстыру бір айдың ішінде елдің автопаркі шамамен 14,9 мыңға өскенін көрсетеді. Бұл тұрақты әрі айтарлықтай өсім, ол елдегі автомобиль нарығының жоғары базаға қарамастан кеңеюін жалғастырып жатқанын растайды.

Кластар бойынша бөлініс: жеңіл, жүк көліктері, автобустар және басқалар

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша автопарк құрылымы келесідей:

  • жеңіл автомобильдер (B) - 4 994 960;
  • өзге де жеңіл көліктер (B1) - 1 156;
  • жүк автомобильдері (C) - 382 437;
  • өзге де жүк көліктері (C1) - 108 953;
  • автобустар (D) - 64 954;
  • микроавтобустар (D1) - 24 191;
  • мотоциклдер (A) - 72 422;
  • тіркемелер (E, BE, CE, C1E, DE) - 260 603;
  • басқалары (A1) - 46 089.
Анықтама: A1 - максималды конструктивті жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және максималды қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер және мопедтер.

Жеңіл автомобильдер (B санаты) автопарктің негізін құрайды:

  • 4 994 960 автокөлік немесе елдегі барлық көліктің 83,9 пайызы.

Автопарктің қалған бөлігін коммерциялық және мототехника құрайды:

  • жүк автомобильдері (C) - 6,42 пайыз;
  • тіркемелер - 4,38 пайыз;
  • мотоциклдер - 1,22 пайыз;
  • автобустар - 1,09 пайыз;
  • қалған санаттар жиынтығында - 3 пайыздан аз.

Осылайша, Қазақстан жеңіл көліктің басымдығы айқын байқалатын ел болып қала береді.

Өңірлер бойынша статистика

Алматы, Алматы облысы және Астана

Тіркелген автомобильдер саны бойынша көш бастап тұрғандар:

  • Алматы - 723,5 мың;
  • Алматы облысы - 642,7 мың;
  • Астана - 452,1 мың.

Бұл үштік еліміздің ең ірі көлік торабын құрайды.

Тіркелген көлік саны ең аз өңірлер

  • Ұлытау - 35 597 мың;
  • Абай - 99 286 мың;
  • Жетісу - 119 204 мың.

Автомобильдендіру деңгейі: 1000 тұрғынға қанша көліктен келеді

Өңірлер бойынша деректерді есептегенде, автомобильдендіру деңгейінің айтарлықтай ерекшеленетіні көрінеді.

Бұған дейін біз ел бойынша орташа көрсеткіштің 1000 тұрғынға шаққанда шамамен 241 автомобиль, ал Алматыда - шамамен 266 болатынын атап өткен болатынбыз.

Қазақстандағы көлік құралдары ең көп өңірлер

  • Шығыс Қазақстан облысы - 1000 тұрғынға шаққанда ~485 авто;
  • Алматы облысы - ~403;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - ~402;
  • Ақмола облысы - ~350;
  • Қостанай облысы - ~346.

Сондай-ақ Қарағанды облысы мен Алматыда (~308) көрсеткіштер жоғары.

Халық санына шаққанда көлік ең аз аймақтар

  • Ұлытау - 1000 тұрғынға шаққанда ~163 авто;
  • Абай - ~167;
  • Жетісу - ~173;
  • Түркістан облысы - ~187;
  • Шымкент - ~218.

Бұған дейін ел бойынша орташа көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда шамамен 241 автокөлік, ал Алматыда шамамен 266 болтанын атап өткенбіз.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, шыққанына 10 жылдан асқан автокөліктер саны - 1 357 535 дана. Бұл жеңіл автопарктің шамамен 27,2 пайызы болады. Қазақстан жолдарындағы шыққанына 20 жылдан асқан автокөліктердің үлесі барлық жеңіл көліктердің 43,9 пайызын құрайды (2 194 326 бірлік).

Елде 3 жылға дейінгі "жаңа" көліктер қанша

Шыққанына 3 жыл толмаған автокөліктер әзірге автопарктің небәрі 15 пайызын ғана құрайды (751 683).

Бұл елдегі автокөліктердің басым бөлігі ұзақ уақыт бойы пайдаланылатынын растайды.

Электромобильдер мен баламалы отын: автопарктегі үлесі қандай?

"Жасыл" көлікке деген қызығушылықтың артуына қарамастан, оның Қазақстандағы үлесі әзірге өте төмен. Статистикалық мәліметтер мен салалық бағалаулар бойынша, елдегі электромобильдер саны 21 мыңнан асты, бірақ жалпы автопарк құрылымында олар әлі де 1 пайызға жетпейді.

Отын түрлері бойынша бөлініс

Қолданылатын отын түріне қарай елдегі автопарк құрылымы келесідей:

  • бензин - 4 391 640;
  • дизель отыны - 86 033;
  • газ баллонды жабдық - 13 743;
  • электр қуаты - 23 876.

TengriAuto