Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана" Қазақстан чемпионы болды

08 Қараша 2015, 17:27
3
"Астана" Қазақстан чемпионы болды. © Vesti.kz
"Астана" Қазақстан чемпионы болды. © Vesti.kz

"Астана" футбол клубы "Ақтөбе" командасын жеңіп, Қазақстанның чемпионатын екінші мәрте жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 8 қарашада "Астана Арена" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 

Бұл ойынға "Ақтөбе" командасының бас бапкері Йоан Адоне бірқатар негізгі ойыншыларды алмады, оның ішінде қақпашы Стас Покатилов пен қорғаушы Юрий Логвиненко бар. Соңғысы команда капитаны. Өз кезегінде Станимир Стойлов болса мықты құрамды шығарды. Екінші таймда "Ақтөбе" ойыншысы Дидар Жалмұқан қақпашымен бетпе-бет келген еді, алайда Ненад Эрич қақпасын аман алып қалды. Ал "Астана" осыдан кейін есеп ашу мүмкіндігіне ие болды, бірақ Рохер Каньястың голы (78-ші минут) офсайдтан орындалғандықтан, саналмады. Осыдан кейін 85-ші минутта алмасқан Сергей Хижниченко қызыл қағаз алып, ойыннан шығып қалғаны сол еді, Жуниор Кабананга гол соғып, "Астанаға" чемпиондықты алып берді. Ал Хичжиченконың ойыннан шығып қалуы жанкүйерлердің наразылығын туғызды.  

©Vesti.kz

Айта кетейік, "Астана" командасы осымен екінші мәрте чемпион болып отыр. Осылайша, елордалық клуб өткен жылы жеңіп алған титулын қорғап қалды. 

Ал өз кезегінде "Ақтөбе" клубы осымен он бірінші мәрте чемпионат жүлдегері болып отыр. Ал екінші орынды алматылық "Қайрат" жеңіп алды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай