"Астана" клубы "Галатасараймен" тең ойнағаны үшін қанша ақша алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" клубы "Галатасараймен" тең ойнағаны үшін қанша ақша алады © Тұрар Қазанғапов

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта түріктің "Галатасарай" командасымен тең ойнаған "Астана" клубы жарты миллион евро пайда тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта түріктің "Галатасарай" командасымен тең ойнаған "Астана" клубы жарты миллион евро пайда тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

УЕФА кірісін бөлісу жүйесіне сәйкес, тең ойнаған Чемпиондар лигасының әр клубына 500 мың евродан беріледі. Осылайша, астаналық клуб бұл маусымда 13 миллион 200 мың евроға ие болды.

Айта кетейік, УЕФА бұл қаржыны "Астанаға" еурокубок маусымы аяқталғанда, яғни 2016 жылы жазда аударады.

Еске сала кетейік, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольский ойынның антиқаһарманы аталды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети