"Астана" түріктің "Галатасарай" клубымен тең ойнады

30 Қыркүйек 2015, 23:49
0
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz
© Vesti.kz

"Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта түріктің "Галатасарай" командасымен 2:2 есебімен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Есепті қонақтар командасы ашты. Бірінші таймның 31 минутында Біләл Кыса гол соқты. Ал екінші таймның 77 минутында түрік командасының ойыншысы Хакан Балта өз қақпасына гол соғып алды. Алайда 86 минутта "Галатасарай" тағы бір гол соқты. Ал осыдан кейін Роджер Каньяс айып алаңының сыртынан баспен соққы жасап, есепті теңестіре білді. Осылайша есеп 2-2.

Кездесу елордадағы "Астана Арена" стадионында өтті. Ойынды тікелей эфирде "ТАҢ" телеарнасы көрсетті.

© Тұрар Қазанғапов

Еске сала кетейік, бірінші турда екі команда да қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңілген болатын. "Астана" Португалияның "Бенфика" командасынан жеңілсе, "Галатасарай" Испанияның "Атлетико" клубына есе жіберген еді. 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай