Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта түріктің "Галатасарай" командасымен тең ойнаған "Астана" клубы жарты миллион евро пайда тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта түріктің "Галатасарай" командасымен тең ойнаған "Астана" клубы жарты миллион евро пайда тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
УЕФА кірісін бөлісу жүйесіне сәйкес, тең ойнаған Чемпиондар лигасының әр клубына 500 мың евродан беріледі. Осылайша, астаналық клуб бұл маусымда 13 миллион 200 мың евроға ие болды.
Айта кетейік, УЕФА бұл қаржыны "Астанаға" еурокубок маусымы аяқталғанда, яғни 2016 жылы жазда аударады.
Еске сала кетейік, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольский ойынның антиқаһарманы аталды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".