28 қараша 2019 23:43

"Астана" "Манчестер Юнайтедтен" айласын асырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елордалық "Астана" УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында англиялық "Манчестер Юнайтедтен" айласын асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық "Астана" УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында англиялық "Манчестер Юнайтедтен" айласын асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ағылшын клубы Нұр-Сұлтанға резервтегі ойыншыларын алып келген болатын. "МЮ-дің" жас футболшылары ойынды белсенді бастап, есепте алға шықты - 10-минутта Джесси Лингард алыстан дәл соққы жасады.

Үзіліске дейін қонақтар допқа көбірек ие болып, жиі соққы бағыттады. Ал екінші таймды "Астана" қос голмен бастады. 55-минутта Роман Мұртазаевтың пасынан кейін Дмитрий Шомко таразы басын теңестірген.


© Тұрар Қазанғапов

Араға бірнеше минут салып, алаң иелері алға шықты - Ди'Шон Бернард допты өз қақпасына тоғытты.

Жеңіліп жатқан "Манчестер Юнайтед" Ненад Эрич қақпасына жиі шабуылдай бастады. Бірақ "Астана" қақпашысы екі бірдей сейвпен командасын құтқарып қалды.

Астаналық команда соңғы ысқырыққа дейін жеңіс есебін жіберген жоқ, 2:1 - "Астана" топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 


© Тұрар Қазанғапов

Еске салсақ, топтық кезеңнің бірінші турында "Астана" сырт алаңда "Манчестер Юнайтедтен" 0:1 есебімен жеңілген болатын.

L тобының бесінші турынан кейін "Манчестер Юнайтед" 10 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Астана" үш ұпаймен топта төртінші орында келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети