"Астана" ойыншысы Жолшиев не үшін сары қағаз алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" ойыншысы Жолшиев не үшін сары қағаз алды © Тұрар Қазанғапов

"Астананың" жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев "Галатасараймен" болған матчта сары қағаз алып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астананың" жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев "Галатасараймен" болған матчта сары қағаз алып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы судьяның өзіне сары қағаз көрсету себебін түсіндірді. "Мен біздікілер екінші голды соққанда орындықта отырған едім. Мен өз эмоциямды жасыра алмай, жігіттерді құттықтағым келді. Менің қосалқы ойыншылардың орнынан кетіп қалғанымды көрген судья сары қағаз көрсетті", - деді Жолшиев. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольски ойынның антиқаһарманы атанды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети