"Астана" - "Селтик" ойынын қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Селтик" ойынын қайдан көруге болады? © Тұрар Қазанғапов

Бүгін 27 шілдеде "Астана" футбол клубы шотландиялық "Селтикпен" алғашқы ойынды өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 27 шілдеде "Астана" футбол клубы шотландиялық "Селтикпен" алғашқы ойынды өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар арасындағы кездесу "Астана Арена" алаңында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де басталады деп жоспарланды. Айта кетейік, бүгін өтетін ойынға байланысты Астанада көлік козғалысы тоқтатылады.

"Астана" - "Селтик" футбол командаларының ойыны KazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, ойынды телеарнаның ресми сайтынан көруге болады.

Осыған дейін "Астана" ФК бас бапкері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық клуб пен "Селтик" арасында болатын ойынның қарсаңында мәлімдеме жасап, қарсылас команданың фаворит екендігін айтқан болатын. "Біз ертең қиын ойын болатынын білеміз. Қорғаныста сақ ойнау қажет. Егер өз алаңымызда қақпаға доп жібермей, қарсылас командаға гол соғар болсақ, жақсы нәтиже болады. Жарақатына байланысты осы ай бойында алаңға шықпайтын Таңат Нөсербаевтан басқа ешқандай қиындық жоқ. "Селтикке" "Астанамен" болатын ойын маңызды. Олардың "Лестер" және "Барселонамен" өткізген ойыны - достастық кездесулер, ал бізбен басқаша ойнайтын болады. Менде бұл команда туралы жеткілікті мәлімет бар. Ертең не боларын көрерміз", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети