Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Астана" тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

27 Тамыз 2015, 07:51
2
© instagram.com/astanafootballclub
© instagram.com/astanafootballclub

"Астана" футбол клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алаң иелері ысқырық шалынысымен қазақстандық қақпаға қарай ұмтылып, бірінші минутта-ақ айып добын тепті. Бұдан кейін басымдықты "Астана" алғандай болған еді. Отандық клуб аса көп уақытын қорғанысқа арнаса да, қауіпті шабуылдарды ұйымдастыра білді. Бірінші матчтың қорытындысында екі команда да есеп аша алмады. 

Ал екінші таймда АПОЭЛ "Астана" қақпасына қауіпті соққылар жасай бастады. 60-шы минутта алаң иелері өз дегендеріне жетті. Семир Штилич 27 метр болатын қашықтықтан айып добын теуіп, гол соқты. 

Алайда қазақстандық команда 84-ші минутта есепті теңестіре білді. Бауыржан Жолшиев екі ойыншыны алдап, өтіп, айып алаңына кіргеннен кейін қақпа алдына қарай допты асырған еді, Неманья Максимович бос қалған қақпаға дарытып, есепті теңестірді.

Бұл ойынды Астанада мыңдаған адам тамашалады. 

Өз командасына қолдау білдіру үшін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Олимпиада чемпионы Александо Винокуров та келді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай