"Астана" УЕФА клубтарының тізімінде 13 орынға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" УЕФА клубтарының тізімінде 13 орынға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның қазіргі чемпионы, 9,425 ұпайы бар "Астана" қазір 164-ші орында тұр. Айта кетейік, "Астана" бұл кестеде Қазақстандағы ең үзік клуб болып тұр. Ал "Ақтөбе" болса УЕФА клубтарының тізімінде 7,925 ұпаймен 189-ші орында. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Айта кетейік, УЕФА-да елдердің рейтингінде Қазақстан 13,375 ұпаймен 28-ші орында қалды. 27-ші орында - Сербия, 29-шы орында - Болгария.
Еске сала кетейік, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольски ойынның антиқаһарманы атанды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".