Ауыр жарақат алған Қонысбаев Италияға емделуге барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр жарақат алған Қонысбаев Италияға емделуге барады © Ұлан Қонысбаев

Қытай құрамасымен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған "Атырау" футбол клубы мен Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жақын арада Италияға емделуге барады, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапановқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай құрамасымен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған "Атырау" футбол клубы мен Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жақын арада Италияға емделуге барады, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапановқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір футболшы Қытайдағы Далян қаласында. "Ұланмен қазір ғана сөйлестім. Денсаулығы жақсарғанын айтты. Дәрігерлердің айтуынша, Қонысбаев тез сауығып жатыр", - деп жазды Қожағапанов өзінің Facebook парақшасында.

Қазақстан футбол федерациясы басшысының айтуынша, Қонысбаев жақын арада Италияға барады. Онда Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы растаған Villa Stuart Sports Clinic клиникасында ем алады (Рим қаласы). Айта кетейік, жарақат алған футболшыны танымал маман Аттилио Сантуччи емдейді.

"Барлық шығынды, ұшып барудың жолын және емінің ақшасын Қазақстан футбол федерациясы өз мойнына алды. Ұлан Қонысбаев жақын арада жазылып кетеді деп сенемін. Біз бұл үшін бар күшімізді саламыз", - деді Қожағапанов.

Еске салайық, футболшы Ұлан Қонысбаев Қытаймен өткен матчта аяғын сындырып алған болатын. Оқиға бірінші таймның соңында болды. Қонысбаев әуелеп келе жатқан допқа таласта жерге қате түсіп, оң аяғын сындырып алды. Спорт порталының мәліметінше, Қонысбаев енді маусымның соңына дейін ойнай алмауы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети