16 сәуір 2019 10:36

Әйгілі француз журналы Роналду мен Мессиді сүйістіріп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dream Team © Dream Team

France Football журналының сайтында жаңа шығарылымның бірінші бетін жариялады. Мұқабасында португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси ернімен сүйісіп тұр. 


France Football журналының сайтында жаңа шығарылымның бірінші бетін жариялады. Мұқабасында португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси ернімен сүйісіп тұр. 

Екі сұрмергеннің көп жылдан бері тартысып келе жатқаны журнал мақаласының басты тақырыбы болған. Журналистер көптеген танымал футболшылардан "Месси әлде Роналду?" деп сұраған. Христо Стоичков, Жан-Пьер Папен, Джейми Каррагер, Арьен Роббен, Марко Тарделли және Филипп Лам сынды футболшылар өз таңдауын жасаған. 

Twitter желісінде қолданушылардың бірі журналдың мұқабасына 2017 жылы Барселонада пайда болған граффити салынғанын жазды. 

2018 жылға дейін Роналду мен Месси 10 жыл бойы әлемнің үздік футболшысы атағын өзара бөлісіп келді. Оларды биыл хорват футболшысы Лука Модрич (ФИФА-ның The Best атағы мен France Football басылымының "Алтын добын" иеленд) тоқтатты. 

Аргентиналық футболшы сәуірде ең үздік футболшы ретінде бес есімді атады, алайда оның ішінде Роналду болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети