20 желтоқсан 2015 19:09

"Барселона" әлемнің үздік командасы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Испанияның "Барселона" командасы аргентиналық "Ривер Плейт" клубын жеңіп, әлемнің клубтар арасындағы чемпионы атанды. Бұл туралы бүгін, 20 желтоқсанда Lenta.ru басылымы каталониялық футбол командасының ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Жапонияның Йокогама қаласында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Луис Суарес дубль жасады (49 және 68 минуттар), тағы бір голды Лионель Месси (36) соқты. 

"Барселона" клубтар арасындағы әлем чемпионатын осымен үшінші мәрте жеңіп алып отыр. Осыған дейін команда 2009 және 2011 жылдарда жеңген еді. Испания чемпионатында команда 15 ойыннан кейін 35 ұпаймен мадридтік "Атлетико" клубымен бірінші орынға таласып тұр.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Барселона" Италияның "Ювентус" клубымен кездеседі. Өткен маусымда командалар финалда кездесіп, испан клубы 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети