11 қаңтар 2020 09:53

"Барселона" бас бапкерін ауыстырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Alex Caparros © Alex Caparros

Эрнесто Вальверде "Барселона" бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Эрнесто Вальверде "Барселона" бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2019/20-маусыма аяқталысымен каталониялық клубтың бас бапкері өз қызметінен кетеді. Бұл туралы испан журналисі әрі тележүргізушісі Гонсало Миро айтты.

"Барселона" мен Вальверде маусымда келісімшартты үзеді. Шешім қабылданды, ол да, клубта", - деді Миро. 

Сондай-ақ, "Барселона" өкілдері "Аль-Садда" клубының бас бапкері Хавимен келіссөздер жүргізгені белгілі болды. Хави 1998-2015 жылдары аралығында каталондықтар сапында өнер көрсетті, онда ол 505 ойынға қатысып, 58 гол салған. 

Вальверде "Барселонаға" 2017 жылы келді. Оның басшылығымен клуб екі рет Испания чемпионатын, Кубокты және Суперкубокты жеңді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети